АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! » Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернаты
Жетісу облысы
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-59-65
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-51-43
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
май
2024

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

Оқу жылы аяқталып, кезекті жазғы демалыс басталды. Осы тұста ата-аналардан балаларыңызды мұқият қадағалап, қай жерде, кіммен жүргенін қарап, сақтық шараларын қатаң ұстануды сұраймыз.

Жаз мезгілінде біздің бүлдіршіндерімізге
бірқатар қауіптер бар:

Біріншіден, шомылу, әсіресе, су қоймалары маңында қауіпсіздікке ерекше назар аударуларыңызды сұраймыз, есік алдындағы және де бау-бақшаларыңыздағы арықтар, себебі, тіпті сырт көзге саяз көрінген судан да қатер төнуі мүмкін.

Екіншіден, жоғары температура, күннің ыстығы тек күйікке емес, сонымен қатар жылу соққысының жоғарылау қаупіне де алып келуі мүмкін, күннен қорғану ережелерін сақтап, балаларға жеткілікті су алып жүруді естен шығармаңыздар.

Үшіншіден ашық терезелер, күннің ыстығынан қорғану үшін үйде терезелерді жиі ашық қалдыруыңыз мүмкін, алайда, бұл кішкентай бүлдіршіндер үшін аса қауіпті болуы мүмкін екенін естен шығармаңыздар.

Бұл, жаз мезгілінде біздің балаларымызға төнуі мүмкін қауіптің бірнеше мысалы ғана, сол себепті, сіздерден балаларыңызға барынша мұқият болып, сақ болуларыңызды сұраймыз.

Похожие публикации:

28 апрель 2022 Балаға лайық