Балаға лайық » Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернаты
Жетісу облысы
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-59-65
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-51-43
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
апрель
2022

Балаға лайық


«Балаға Лайық» республикалық акциясының 

тұжырымдамасы   


           Акцияны өткізудің мақсаттары мен міндеттері:

           - ақпараттандыру арқылы оқушылар мен олардың ата-аналарының азаматтық жауапкершілігін арттыру;

           - оқушыларды сапалы теңдестірілген тамақпен, қолжетімді, жылы, таза және қауіпсіз санитарлық тораптармен қамтамасыз ету үшін нормаларға жауап беретін педагогтар мен мектеп әкімшілігінің назарын аудару.

           - белсенді қатысушыларды ынталандыру (мектеп, оқушылар және т.б.).

           Акция «Мектепті жақсартуға көмектес!» ұранымен өткізіледі.


           Республикалық деңгейде акцияның үйлестірушісі: ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет)


           Акцияны өткізудің бастапқы мерзімі:

           1 кезең - 2022 жылғы 21 сәуірден 25 мамырға дейін;

           2 кезең - 2022 жылғы 1 қыркүйектен 20 қазанға дейін.


           Акцияны өткізудің дайындық кезеңі:

           1) Комитеттің және ҚР Білім және ғылым министрлігінің, өңірлердің білім басқармаларының әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларына, БАҚ-қа баспасөз парағы мен жазбаларды орналастыру арқылы ақпараттық науқанды өткізу (2022 жылғы 18-21 сәуір аралығында);

           2) 8 700 699 04 46 нөмірі, Telegram және What'sApp мессенджерлерінде чат құру;

           3) акцияға қатысуға ерікті түрде білім беру ұйымдарының оқушыларын, волонтерлерді, ата-аналар қоғамдастығын және ҮЕҰ-ны тарту;

           4) білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес мектеп асханаларының (ас блоктарының), білім беру ұйымдарының санитариялық тораптарының жай-күйіне бағалау критерийлерін қалыптастыру;

           5) Фото және бейнематериалдарды бағалау үшін ДСМ, БҚҚК, МДжЖОБК, БССҚЕД, ҮЕҰ және т.б. қызметкерлерінен жұмыс тобын құру; 


                              


1 кезең «Check your school»

           Кезең: 2022 жылғы 21 сәуір - 25 мамыр (жабық кезең).

           1) материалдарды Telegram және what'sApp мессенджерлері арқылы жолдау;

           2) келіп түскен материалдарды жұмыс тобының талаптардың сақталуы тұрғысынан бағалауды жүзеге асыру;

           3) өңірлердің білім басқармаларына олқылықтарды жою жөнінде ұсынымдар жолдау.


                                      2 кезең «FeedBack SCHOOL»

                      2022 жылғы 1 қыркүйек - 20 қазан (ашық кезең).

           1) Instagram және TikTok әлеуметтік желілері арқылы #БалағаЛайық #balagalaiyq хэштегін қолдана отырып бағыттау;

           2) әлеуметтік желілерде көрсетілген мектеп асханаларының (ас блоктарының), білім беру ұйымдарының санитариялық тораптарының жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу;

           3) білім беру ұйымдарында санитариялық талаптарға сәйкессіздікті жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.   

           4) үлгілі мектептерді анықтау және оларды көтермелеу. 


           Ұсынылатын материалдарға қойылатын негізгі талаптар

           1) материалдар ұзақтығы 2 минуттан аспайтын бейне және 10 суреттен аспайтын фото түрінде ұсынылуы мүмкін;

           2) материалдар білім беру ұйымының атауы және оның мекенжайы көрсетіле отырып жолданады;

           3) деректер көрсетілмеген материалдарды жұмыс тобы қарамайды;

           4) материалдар мектеп асханаларында (ас блоктарында), білім беру ұйымдарының санитариялық тораптарында талаптарды сақтау проблемалары туралы журналистік сюжеттер түрінде ұсынылуы мүмкін.

           5) білім беру ұйымдарында санитариялық нормалар талаптарының бұзылуы туралы материал жолдаған адамдар туралы ақпарат науқанды ұйымдастырушы тарапынан жария етілмеуге тиіс.


           




Күтілетін нәтижелер:

           1. Оқушылардың, ата-аналар қоғамдастығының және ҮЕҰ тарапынан азаматтық белсенділікті арттыру.

           2. Білім беру ұйымдарындағы мектеп асханаларының (ас блогының), санитариялық-гигиеналық тораптардың қызметіне қойылатын талаптарды сақтау.

           3. Неғұрлым проблемалық білім беру ұйымдарының тізбесін айқындау және проблемаларды шешуге жәрдемдесу.