23 сәуір–Ұлттық кітап күні. » Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернаты
Жетісу облысы
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-59-65
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-51-43
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
апрель
2026

23 сәуір–Ұлттық кітап күні.

23 сәуір–Ұлттық кітап күні. Бұл күн – адамзаттың ең асыл қазыналарының бірі – кітапқа деген құрметті арттырып, оқырман мен кітап арасындағы алтын көпірді нығайтатын маңызды мереке. Ұлттық кітап күнінің мақсаты – қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту, рухани құндылықтарды дәріптеу.                                                                          Мектебіміздің кітапханашысы Р.Рамазанқызының ұйымдастыруымен «Ақын-елдің ардағы» атты ақындармен кездесу кеші өткізілді.  Кешке 5, 6, 7, 8, 9, сынып оқушылары белсене қатысып, ақын өлеңдерін жан тебіренте оқыды. Ақындармен кездесу оқырмандарға ерекше рухани әсер сыйлады.
      Бүгінгі тағылымы мол, рухани кештің ажарын ашып, мазмұнын байытқан ардақты ақындарымыз  – Гүлбақыт Қасен,   Азамат Нұрмұханға  алғысымыз шексіз. Сөз өнерін серік еткен сырлы ақындар. Жүрекке жылу сыйлар жырларымен елін тербеп, өлеңмен өрілген өмірдің өрнегін өрген тұлғалар.