1-сыныпқа құжат қабылдау 27 мамырда басталады! » Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернаты
Жетісу облысы
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-59-65
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-51-43
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-сыныпқа құжат қабылдау 27 мамырда басталады!
27
май
2026

1-сыныпқа құжат қабылдау 27 мамырда басталады!


“Д.Рақышев атындағы облыстық қазақ мектеп-интернаты” КММ-де 2026-2027 оқу жылына құжат қабылдау 27 мамырда басталып, 31 тамызға дейін жалғасады. 

Ата-аналар құжаттарды www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы, сондай-ақ қағаз бойынша тапсыра алады. Әр мектепте ата-аналарға көмек көрсету үшін бірінші сыныпқа балаларды қабылдау жөніндегі комиссия ұйымдастырылады.

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау кезінде ұсынылатын құжаттар тізбесі:

1) ата-ананың немесе заңды өкілінің жазылған өтініші;
2) баланың туу туралы куәлігі (құжатты қағаз түрінде тапсырған кезде деректерді салыстыру үшін көрсетілетін қызметті алушының өзі ұсынады);
3) қызмет алушының жеке куәлігі (құжатты қағаз түрінде тапсырған кезде деректерді салыстыру үшін көрсетілетін қызметті алушының өзі ұсынады);
4) № 065/е нысанындағы «Иммундау паспорты» және № 052-2/е нысанындағы «Бала денсаулығының паспорт» медициналық анықтамалары;
5) баланың 3х4 см көлеміндегі фотосуреті (2-дана).

Сондай-ақ, құжаттарды қағаз түрінде тапсырған кезде баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты қосымша ұсыну қажет.

Құжаттар апта сайын дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.