1 сыныпқа қабылдау » Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернаты
Жетісу облысы
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-59-65
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-51-43
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
апрель
2024

1 сыныпқа қабылдау

1 СӘУІРДЕ БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

📆 Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

💻 Ата-аналар баланың құжаттарын электрондық үкіметтің еgov.kz. веб-порталы арқылы тапсыра алады. Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 370 мыңнан астам бала барады деп күтілуде.

📌 Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата - анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінішпен бірге №065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама, 026/у-3 баланың денсаулық паспорты және баланың екі дана 3х4 фотосуреті болу керек. Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.