20
май
2026
«Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері»
2026 жылғы 19 мамыр күні. ДТІЖО Жакыбаев Е.К. мектептің 5-8 сынып оқушыларына «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізілді. Іс-шараға Талдықорған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Жандос Самат Бейсенбекұлы, инженер лейтенант Құрманбаев Қайрат.
Кездесу барысында оқушыларға жаз мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздік, өрттің алдын алу, табиғат аясындағы сақтық шаралары, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар мектеп ДТІЖО Жақыбаев Ерлан Кадлетұлы қазіргі таңда жиі кездесетін интернет алаяқтық, дропперлік әрекеттердің алдын алу, бейтаныс адамдарға банк картасы мен жеке мәліметтерді бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу туралы ақпараттар берді.
Сондай-ақ смартфон ойындарына тәуелділіктің зияны, уақытты тиімді пайдалану, қауіпсіз интернет мәдениетін сақтау жолдары түсіндірілді. Оқушыларға жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау әр адамның өмірі мен денсаулығы үшін маңызды екені айтылды.
Оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан нақты жауаптар берілді. Кездесудің танымдық әрі тәрбиелік маңызы жоғары болды.