Ата-аналар назарына! 2025-2026 оқу жылын аяқтау туралы. » Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернаты
Жетісу облысы
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-59-65
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-51-43
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналар назарына! 2025-2026 оқу жылын аяқтау туралы.
20
апрель
2026

Ата-аналар назарына! 2025-2026 оқу жылын аяқтау туралы.

Ата-аналар назарына!
“Д.Рақышев атындағы облыстық қазақ мектеп-интернаты” КММ әкімшілігі 2025-2026 оқу
жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды
аттестаттау кезеңінде, соның ішінде
4,9,11-сынып бітірушілеріне қатысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға
ұсынады:
• Педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында
мұғалімдерге қандай да бір сыйлық
ұсынуға, ақша жинауға қатаң тыйым
салынады.
• Аниматорлар, студиялар мен
агенттіктерді шақыру.
Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына
қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім
алушылардан ақша жинауға қатаң,
тыйым салынады.
• Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында автокөлік шеруіне шығуға,
ойын-сауық, орталықтарына,
мейрамханаларға, дәмханаларға және
басқа да орындарға баруға рұқсат
етілмейді.
Мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерде ата-аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға, қаражат жинауға тыйым салынады.
Қорытынды аттестаттау барысында мектеп формасын сақтап, тәртіпті, жауапкершілікті болу-әрбір оқушы үшін міндет.

Ескерту📍
Аталған талаптар 4,9,11 сынып оқушылары мен ата-аналарына бірдей дәрежеде қатысты. Бұл шектеулер-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.

Құрметті ата-аналар! Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтап, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай болмауларыңызды сұраймыз. Біз балаларға сапалы білім мен тәрбие беруді абыройлы міндет деп санаймыз.