Мектеп-интернат тарихы » Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернаты
Жетісу облысы
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-59-65
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-51-43
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
апрель
2017

Мектеп-интернат тарихы

Д. Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернаты 1959 жылы 5 тамызда құрылған. Талдықорған облыстық атқару комитетінің №97 шешімімен Талдықорған қаласында қазақ мектеп-интернаты болып құрылды.1994 жылы 31 қаңтарда Талдықорған облыстық атқару комитетінің №113 шешімі бойынша Д.Рақышев атындағы ұлттық гимназия мектеп-интернаты болып аталды. 1998 жыл 25 желтоқсан Алматы облыс Әкімінің №12-356 шешімі бойынша Д. Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернаты болып өзгерді.


Бүкіл қазақ еліне танымал күміс көмей, жезтаңдай атақты әнші, композитор Дәнеш Рақышев атындағы қазақ мектеп – интернаты Талдықорған қаласындағы ең үлкен әрі әдемі Жансүгіров көшесі мен қаланың қақ ортасында көсіліп жатқан Абай көшесінің қиылысында орналасқан. Қазақ поэзиясының ззекі алыбының арасынан арнайы орын тапқандай. Айналасы биік теректермен көмкерілген, жан –жағы таптаза әрі жинақы мектеп ғимараты мен жатақхана көзге тартымды, көңілге қонымды.
Сонау 1942 жылы «30 жылдық комсомол» атындағы қазақ мектебінің негізінде құрылып, кейін 1959 жыылы бесінші тамызда қазақ мектеп – интернаты болып ашылған. Содан бері 73 жыл бойы үзбей, үзілмей жыл сайын оқу бітірген түлектерін еліміздің түкпір – түкпіріне аттандырып, қазақ қоғамын дарынды тұлғалармен толтыруда. Соның нақты дәлелі ретінде төмендегі тізімді назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.
1974 – 75 оқу жылының түлегі Исаева Светлана Касықызы доцент, физик – математика ғылымдарының докторлығына кандидат, көп жылдар бойы ЖГУ –дің кафедра меңгерушісі қызметін атқарып, 2014 жылы ауырып. мезгілсіз қайтыс болады.
1974 – 75 оқу жылының түлегі Наубаева Хафиза Тәңірбергенқызы психология ғылымдарының докторы, профессор.
2008 – 2009 оқу жылының түлегі Толғанай Ағламова өзінің дарынды қабілетінің арқасында Бикен Римова атындағы Алматы облыстық драма театрының актрисасы.
2012 – 2013 оқу жылының түлегі Өмірзақ Әсем жалпы орта мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, қазіргі уақытта Алматыдағы Асфандияров атындағы мемлекеттік медициналық университетінің грантын жеңіп алып, оқуын жалғастыруда.
2013 – 2014 оқу жылының түлегі Шатырбаева Жадыра облыс көлемінде Жетісу мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен өткен оқушылар арасындағы пәндер олимпиадасында қазақ тілі пәні мен әдебиеті пәнінен бас жүлдені жеңіп, Ректор грантының жүлдегері атанды.
Бір ғасырға жуық тарихы бар мектеп – интернаттың түлектерін түгендеу мүмкін емес.
Оқу корпусының іші – сырты мұнтаздай таза, сыныптары компьютерлермен жабдықталған, сыртқы спорт алаңы мен ішкі спорт залы қатар жұмыс істеп тұр, кітапханасы бар. Жатақхананың да жағдайы жаман емес, төсек орындары таза, әр секцияның жуынатын бөлмесі мен дәретханасы бөлек. Жеті сайын балалар жуынатын жап – жақсы моншасы да бар. Осындай игі істердің ұйтқысы болып, басшылық қызмет атқарып отырған аталмыш мектеп – интернаттың директоры Рысбек Дәулетұлы Дүйсенбінов.
Бүгінгі күнде бұл мектеп – интернатта көп балалы, тұрмысы төмен мектебі жоқ елді мекен мен малшылар отбасы балалары және жартылай жетім балалар тәрбиеленуде. Үш қабатты бір оқу корпусы мен бес қабатты бір жатақхана бар. Балалар бір таза төсек орынмен және күніне төрт уақыт тамақпен қамтамасыз етілген.

Интернатта жалпы саны 257 оқушы оқып, оларға отыз екі мұғалім дәріс береді. Әр баланың мінезі әр түрлі болғандықтан әрқайсының жүрегіне жол табу оңай емес. «Ұстаздық қалған жалықпас» ... деп Абай атамыз айтқандай мектебіміздің ұстаздар ұжымы күндіз-түні ерінбей еңбек еткенінің арқасында көптеген проблемалар келмеске кетті.
- Оқушылардың жалпы үлгерім деңгейі ортадан жоғары. Ұстаздарымыз сабаққа салқын, артта қалған балалармен үнемі қосымша сабақтар жүргізеді. Жыл сайын оқушыларды 100 пайыз оқулықтармен қамтамасыз ету дәстүрге айналды. Осындай әдістемелер көптеген проблемалардың шешімін табуда.
- Тәрбие тәртіптің анасы, яғни тәрбие болған жерде тәртіп те болады. Біз енді өзіміздің жұмыс бабымыз бойынша күндіз – түні балалар тәрбиесімен айналысамыз. Таңертеннен бастап (балаларды орнынан тұрғызу, оның тамағы, сабағы, түскі ас, демалыс уақыты, үй тапсырмасын орындау, кешкі ас) түнгі ұйқыға дейін тәрбиешілер үнемі балалардың басы – қасында жүреді. Ара – кідік шәлкем – шәліс мінездердің бой көрсеткені болмаса, жалпы балалардың тәртібі жақсы. Менің байқағаным, интернатта өскен балалар көбінесе көпшіл болады, үлкендерді сыйлау, тілін алу, бағыну деңгейі өте жоғары, ал жоғарғы сыныптың оқушылары төменгі сыныптың балаларына қамқорлық танытып, қай жағынан болса да көмек көрсетуге дайын тұрады. Педагогтар үшін бұдан артық нәтиже жоқ.


Алматы облысы, Талдықорған қаласы Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесі, І.Жансүгіров көшесі 91/97 үй


Директоры 

Дүйсенбінов Рысбек Дәулетұлы

Нысан сипаты

Типтік, кірпіштен құралған

Мектеп ғимараты

3 қабатты ғимарат

Қай жылы салынған

1975 жылы

Жоба қуаттылығы

920 орындық

Жатақхана қай жылы салынған

1978 жылы

Жобалық қуаттылығы

270 орын

Жалпы ауданы

Мектеп ғимараты

3991,7 шаршы метр

Жатақхана

2576,8 шаршы метр

Күрделі жөндеуден өткен мерзімі

Мектеп ғимараты


2013 жылы

Жатақхана

2005 жылы

Жұмсалған қаражат

Мектеп ғимараты


113 млн

Жатақхана

-

Аттестациядан өткен жылы

19.12.1012 жылы

Бала саны 1-11

265

Штат саны

72

Пән мұғалімдері

32

Тәрбиешілер

20

Техникалық қызметкерлер

20

Оқытылу тілі

Қазақша

Оқу материалдық негізі


Сынып саны

13

Акт залы

1

Музыка залы

0

Кітапхана

1

Психолог кабинеті

1

Медицина кабинеті

1

Дәрігер кабинеті

1

(оқшауландырылған кабинет)

1

Стоматалогиялық кабинет

0

Спорт зал

1

Демалыс бөлмесі

0

Ойын бөлмесі

3

Асхана

1

Монша

1

Қойма

1

Кір жуатын блок

1

Кір кептіретін блок

1

Футбол алаңы

1

Ойын алаңы

0

Похожие публикации: