Сансызбаева Жанара Тукашовна

«Д.Рақышев атындағы облыстық қазақ мектеп-интернаты» кмм директоры Жанара Тукашовна — жиырма бес жылдан астам педагогикалық және басқарушылық тәжірибесі бар, білім беру саласының білікті маманы, педагог-зерттеуші және ғылым магистрі.
Білімі мен ғылыми дәрежесі: - Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (1998ж.): Жоғары білім. - Қазақ инновациялық гуманитарлық–заң университеті (2021ж.) Гуманитарлық факультет.
Ғылыми дәрежесі: Педагогика және психология ғылымдарының магистрі. Біліктілік санаты: Педагог-зерттеуші, бірінші санатты басшы. Еңбек жолы: Жанара Тукашовнаның кәсіби жолы ұстаздықтан басталып, білім беру ұйымдарын басқарудың биік белестеріне дейін жалғасты:
1994 – 2006 жж.: Алакөл ауданы, Қазақстан ауылы, Қабанбай батыр атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
2006 – 2010 жж.: Талдықорған қаласы, №13 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2012–2017 жж.: М.Арын атындағы №24 дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
2018ж. (қаңтар – қазан): Еркін ауылы, Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
2018–2024жж.: Талдықорған қаласы, №14 орта мектеп-гимназиясының директоры.
2024 жылдың 4 желтоқсанынан бастап: «Д.Рақышев атындағы облыстық қазақ мектеп-интернаты» КММ директоры.