Көрісу мейрамы құтты болсын! » Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернаты
Жетісу облысы
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"Д.Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернаты"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-59-65
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-51-43
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
март
2022

Көрісу мейрамы құтты болсын!

Көрісу мерекесі құтты болсын!
Бикен Римова атындағы облыстық драма театр ұжымы құттықтап келді.



Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамының мерейлі бастауы ретінде тойланатын бұл күні өкпе-реніштеріңіз болса кешіріп, араздықты ұмытып, әрбір жанға амандық-саулық, құт-береке тілеп, Жаңа жылды ақ пейілмен бастаңыз!
Көрісу (Амал мерекесі) – қазақ халқында ежелден келе жатқан, күні бүгінге дейін сақталған дәстүр. Көрісу күнінде адамдар бір-біріне амандасып, жақсылық тілейді, қауышады, сондай-ақ жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіреді. Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір-біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Сонымен қатар әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек. Қазақ қашанда дастарханын айрықша қастерлеген. Бұл жоралғы жыл бойы тоқ жүріп, дастарханымыз аралас болсын, қарым-қатынасымызға сызат түспесін деген ниеттен туған.

Похожие публикации:

26 февраль 2022 29 желтоқсан